Михаил Кукушкин Португалиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды

21.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуінде рейтингіде 370-орындағы португалиялық Гаштау Элиашты қапы қалдырды – 6:2, 6:3.

М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 153-ракеткасы, эстониялық Марк Лаялмен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда тай-брейкте Лаял шеберлік танытты - 7:6 (7:4). Дегенмен Кукушкин бұдан кейін камбэк жасай білді - 6:2, 7:5.

Аса тартысты өткен бәсеке 3 сағат 15 минутқа созылды. 

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 129-ракеткасы, литвалық Вилюс Гаубаспен таласады. Ол рейтингіде 313-сатыдағы чехиялық, 19 жастағы Петр Брунцликтен басым түсті - 6:1, 1:6, 6:3. 

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 367-орындағы Денис Евсеев сенсация жасап, алғашқы айналымда әлемнің 187-ракеткасы, швейцариялық Жером Кюмоны ұтты. Матч 6:4, 6:7 (5:7), 6:2 есебімен Евсеевтің пайдасына аяқталды. 

Д.Евсеевтің келесі қарсыласы – әлемнің 170-ракеткасы, мажарстандық Жомбор Пирош. 
Оэйраштағы доданың жүлде қоры 160 680 еуроға бағаланған. Жеңімпаз 23 750 еуроға қоса 100 рейтингілік ұпайға ие болады.

Бұдан бұрын Елена Рыбакинаның бастапқы кездесуін жеңіспен аяқтағанын жазған едік.

Сондай-ақ Юлия Путинцева қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты.

Александр Бублик үшінші айналымға шықты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью