Михаил Шайдоров Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады

25.01.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатындағы өнерін аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы аралық есепте төртінші орында тұрған болатын. Еркін бағдарламада Шайдоров 175,65 ұпай жинап, екі бағдарлама қорытындысы бойынша 266,20 ұпаймен жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.

Жапониялық Као Миура 273,73 ұпаймен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Оңтүстік Корея өкілі Ча Джун Хван (273,62) иеленсе, қола медаль тағы бір жапониялық спортшы Сота Ямамотоға (270,07) бұйырды.

Диас Жиренбаев жарысты 20-орында (185,43) аяқтаса, Олег Мельников 21-сатыға жайғасты (164,34).

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайды. Аталған дүбірлі дода 6 ақпанда салтанатты түрде ашылады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью