Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Спортшы осы маусым аса ауыр болғанын, Олимпиада ойындары үшін ұзақ дайындалғанын жасырмады.
— Маусым бойы өз-өзіммен күрестім. Жарыстарда бес бірдей төрттік секіруді шамамен үш рет орындап көруге тырыстым, бірақ бірде-бір рет сәтті шықпады. Ал бүгін бәрі сәтті орындалды. Сәті түсіп, қолымнан келді. Олимпиадаға ұзақ дайындалдым. Маусым бойы бар ойым — өз ісімді адал атқару болды. Енді еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Бұл медальді Қазақстан халқына арнаймын, — деді ол.
Сонымен қатар М.Шайдоров Денис Теннің елімізде мәнерлеп сырғанау спортының дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Фото: Астана әкімдігі— Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың дамығанын қалаймын. Менің медалім Денис Тен үшін де маңызды болар еді деп ойлаймын. Ол бізге жол ашты. Оның да жолы оңай болған жоқ, менікі де жеңіл болмады. Еліміздегі мәнерлеп сырғанау спортының дамуына қосқан үлесі үшін Дениске алғыс айтамын, — деді Олимпиада чемпионы.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Михаил Шайдоров араға 32 жыл салып, ел қоржынына қысқы Олимпиада ойындарының кезекті алтын жүлдесін сыйлады.