Михаил Шайдоров Олимпиадада өнер көрсеткен костюмін мұражайға тапсырды

20.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында еркін бағдарламада киген костюмін Олимпиада мұражайына табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Салтанатты рәсім Италияның Милан қаласындағы Конькимен жүгіру спорты үйінде өтті.

Іс-шараға Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының президенті Ким Чжэ Ёль, Олимпиада мұражайы директорының орынбасары Ясмин Майхтри, сондай-ақ, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.

ҚР ҰОК басшысы Шайдоровтың жеңісі Қазақстан мәнерлеп сырғанауының тарихындағы алғашқы олимпиадалық алтын медаль екенін атап өтті.

«Бұл жай ғана жеңіс емес - бұл тарих. Бүгін сол тарихтың бір бөлігі мәңгі осында қалады. Костюмнің Олимпиада мұражайына тапсырылуы миллиондаған адамға чемпионымыздың мұрасын көруге мүмкіндік береді.

Бұл костюм жас спортшылардың арманға ұмтылып, өзіне сенуіне ықпал етіп, жігерлендіреді. Михаил, осы сыйлығың үшін рақмет. Біз сені мақтан тұтамыз», деді Геннадий Головкин.

Михаил Шайдоров бұл оқиғаның өзі үшін айрықша мәні бар екенін айтты.

«Костюмімді Олимпиада мұражайына тапсыру – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Бүгін осында тұрып, арманымның бір бөлігі әлемдік олимпиадалық мұраға айналатынына қуаныштымын. Бұл костюм – олимпиадалық арманға бастаған жолымыздың нышаны. Енді оның Қазақстан атынан әлемдік олимпиадалық қозғалыс жәдігерлерінің қатарында орналасуы мен үшін ерекше мәнге ие.

Ол олимпиадалық арманның шекарасы жоқ екенін, әрбір спортшы үлкен олимпиадалық тарихтың бір бөлігі бола алатынын білдіретін нышанға айналсын. Халықаралық Олимпиадалық комитетке қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын», деді Шайдоров.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров бұл костюммен Олимпиадаға дейін Гран-при финалында да өнер көрсеткен. Алайда төртжылдықтың басты додасына дейін киім қайта толықтырылып, жетілдірілді. Қазақстандық дизайнерлермен бірге спортшы ғарыш кеңістігін бейнелейтін қанық көк түсті таңдаған. Бұл түс «Бесінші элемент» фильмінің тұтас атмосферасын айқын көрсетеді. Дизайны жұлдыздарды еске түсіретін шыны әшекейлер және тастармен толықтырылған.

Михаил Шайдоровтың дайындығына бюджеттен қанша қаржы жұмсалды?

Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алып, тәуелсіз Қазақстан тарихында қысқы спорт түрлерінен шыққан екінші Олимпиада чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар

«Қазақфильм» киностудиясына 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Оқиға • Бүгін, 22:40

Астанада матч кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті

Ата заң • Бүгін, 22:05

Семейде құқықтың quiz зияткерлік ойыны өтті

Аймақтар • Бүгін, 21:28

Жалын Тілеуберген: Конституциялық құндылықтар ұлттық болмысты сақтап, әділетте қоғам құруға жол ашады

Ата заң • Бүгін, 21:14

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалды

Футбол • Бүгін, 20:58

Жүкті әйелдің өліміне байланысты Жамбыл облысындағы перзентханада тексеріс басталды

Оқиға • Бүгін, 20:35

Астанада жүк көлігі өртке оранды

Оқиға • Бүгін, 19:45

119 млн теңге жымқырған: Атырауда жекеменшік мектеп директорына үкім шықты

Аймақтар • Бүгін, 19:28

Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады

Референдум • Бүгін, 18:57

Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 18:35

Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі

Қоғам • Бүгін, 18:18

Жалпыұлттық коалиция: Жаңа Конституция Қазақстанның әділетті әрі орнықты дамуының негізіне айналады

Ата заң • Бүгін, 18:09

Ауылдан шығып, Азияны бағындырды

Спорт • Бүгін, 18:04

Экспортты ұлғайту жолында қандай кедергілер бар?

Экспорт • Бүгін, 17:52

Еңбек министрлігі: eGov арқылы өтініш беру төлемнің автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді

Қоғам • Бүгін, 17:46

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью