Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жарыстың басты үздіктерінің бірі, 2026 жылғы қысқы Олимпиаданың жолдама иегері Михаил Шайдоров алғашқы сайыста 90.55 ұпай жинады. Бұл көрсеткішімен ол төртінші орынға жайғасты.
1. Као Миура (Жапония, 2023 жылғы Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы) - 98.59 ұпай
2. Казуки Томоно (Жапония) - 97.19 ұпай
3. Сота Ямамото (Жапония) - 94.68 ұпай
4. Михаил Шайдоров - 90.55 ұпай
Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2025 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Төрт құрлық чемпионатында топ жарған болатын.
Биылғы бәсекеде Азия, Африка, Америка, Океания құрлықтарындағы 17 мемлекеттен 100 спортшы бас қосты.
Ертең ерлер шешуші еркін бағдарламада жүлдегерлерді анықтайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Михаил Шайдоров АҚШ-та өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды.