Михаил Шайдоровқа қатысты мәселе шешілді министрлік

01.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев министрлік атынан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың мәселесіне байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша бүгінгі күні келісімшарт Шайдоровтың командасына жолданды және оған қол қойылды.

"Қол қою рәсімінің барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өтті. Тараптар ортақ мәмілеге келіп, келісімшарттың барлық тармағын жан-жақты талқылады. Құжатқа қол қойылғаннан кейін министрлік оны жұмыс тәртібімен қабылдады", - деді Серік Жарасбаев.

Вице-министр алдағы уақытта келісімшартта көзделген барлық қаржы толық көлемде төленетінін атап өтті.

"5 маусымда Михаил Шайдоров жаңа маусымға дайындық үшін АҚШ-қа аттанады. Сондай-ақ бірер күннен соң Михаил Шайдоров өз командасымен бірге Туризм және спорт министрлігіне келеді. Кездесу барысында алдағы жоспарлар мен келесі Олимпиадаға дайындық мәселелерін талқылаймыз", - деп түйіндеді Жарасбаев.

Еске сала кетейік, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Миланда өткен қысқы ойындарда алтын медаль жеңіп алғаннан бері жалақы алмағанын мәлім етті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью