Михаил Шайдоровтың сүйіктісі кім екені белгілі болды

16.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Әлеуметтік желіде мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеке өмірі көпшіліктің қызу талқысына түсті. Атап айтқанда, спортшының сүйіктісіне қатысты ақпарат оқырман назарын аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Instagram желісіндегі taby.nu парақшасының мәліметінше, су жаңа Олимпиада чемпионының сүйіктісінің есімі – Айсұлу Мырзағалиева. Ол да кәсіби спортшы, көркем гимнастикадан Азия чемпионы әрі ұлттық құрамадағы белді өкілдердің бірі.

Айсұлу спорт әлемінде бұрыннан танымал. Өзінің табандылығы мен еңбегінің арқасында ол халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Болашақ гимнаст Ресейдің Сочи қаласында дүниеге келген. Тоғыз жасынан бастап көркем гимнастикамен шұғылданып, жасөспірім шағында-ақ Ресей аумағында өткен түрлі деңгейдегі турнирлерде жүлде ала бастаған.

2015 жылы Айсұлу Алматыға келіп, қаланың ашық біріншілігінде топ жарды. Осы жарыста оның өнері отандық бапкерлердің назарын аударып, жас спортшыға Қазақстан атынан өнер көрсету туралы ұсыныс жасалды. Айсұлу бұл ұсынысты қабыл алып, сол жылы Астанаға көшіп келеді. Елордада «Жұлдыз» мектебінде жаттығып, нәтижесінде әлем кубогі кезеңдерінде бір күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты.

Айтпақшы, Михаил Шайдоров Олимпиадада жеңіске жеткен сәтте Айсұлу Мырзағалиева оны алғашқылардың бірі болып құттықтап, әлеуметтік желіде жылы лебізін білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью