Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Италияның Милан қаласында конькимен 1000 метрге жүгіруден әйелдер арасында XXV қысқы Олимпиаданың жүлдегерлері анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл жарыстың басты ерекшелігі - алғаш рет 1000 метр қашықтықта 3 бірдей спортшымыз жүлдеге таласты.
Олардың арасынан ең үздік нәтижені Надежда Морозова тіркеп, 1:16.00 уақыт нәтижесімен 14-орын алды. Одан кейін Елизавета Голубева 1:16.40 уақытта мәреге жетіп, 19-сатыдан көрінді. Ал Милан Олимпиадасының басталуына санаулы күн қалғанда 1000 метрде бақ сынауға мүмкіндік алған Кристина Силаева 1:17.57 уақыт көрсеткішімен 28-орынға тұрақтады.
Әйелдер, 1000 м. Жүлдегерлер:
1. Ютта Лердам (Нидерланд) - 1:12.31 (Олимпиада рекордын тіркеді)
2.Фемке Кок (Нидерланд) - 1:12.59
3.Михо Такаги (Жапония) - 1:13.95
Бүгін бұл бағдарламада барлығы 15 жұп жарыс жолына шықты. Енді 12 ақпан күні Надежда Морозова 5000 метр қашықтықта бақ сынайды.
Айта кетейік, әзірше конькимен жүгіруден Людмила Прокашёва 1998 жылы Нагано Олимпиадасында қола жүлдегер атанған.