Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Олимпиада алауы Милан қаласындағы Бейбітшілік қақпасы (Arco della Pace) және Кортина-д’Ампеццо қаласындағы Дибона алаңында (Piazza Dibona) бір уақытта тұтанды.
Фото: Olympics.comМиландағы бас алауды тау шаңғы спортынан үш дүркін Олимпиада чемпиондары Альберто Томба мен Дебора Компаньони, ал Кортина қаласындағы бас алауды Олимпиада чемпионы София Годжа жақты.
Фото: Olympics.comБас алаудың дизайны Леонардо да Винчидің «Knots» геометриялық түйін өрнектерінен шабыт алған. Оның құрылымында айнымалы геометриялық дизайн қолданылып, алаудың ұлкендігі жабылған кезде диаметрі 3,1 метр, ал жайылған кезде 4,5 метрге жетеді.
Фото: Olympics.comАйта кетерлігі, Олимпиада алауы эстафетасы 63 күнге созылды. Ол Италияның 60 қаласын аралап, 12 000 шақырым қашықтықты және елдің барлық 110 провинциясын қамтыды.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараның қойылымына барлығы 27 елден 1200 ерікті орындаушы қатысты, олардың жасы 10-нан 70-ке дейінгі аралықты қамтыды.
Сонымен қатар ашылу салтанатының музыкасын жазуға 500 музыкант қатысып, қойылымда 1400 костюм және 1000 реквизит қолданылды.
Қазақстан делегациясы алаңға 44-болып кірді, еліміздің көк байрағын шорт-трекші Денис Никиша және фристайлшы Аяулым Әмренова биік көтеріп жүрді.