Миланда мыңдаған адам антимиграциялық наразылыққа шықты

19.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Акция «Қорқынышсыз – Еуропада біз өз үйіміздің иесіміз!» деген ұранмен Миланның Дуомо соборы алдында өтті. Оны Италияның вице-премьері, «Лига» ұлттық партиясының көшбасшысы Маттео Сальвини ұйымдастырды. Митингте сөз сөйлеген ол жуырда парламенттік сайлауда жеңіліс тапқан Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан туралы айтты.

– Құрметті Виктор, сен шекараларды қорғап, адам және қару саудасымен күрестің. Бәріміз бірге осы еркіндік пен заң үстемдігі жолындағы күресті жалғастырайық, – деді Сальвини.

Шараға Еуропарламенттегі үшінші ірі күш саналатын «Патриоттар Еуропа үшін» блогы аясындағы Сальвинидің одақтастары да қатысты. Нидерландыдағы «Бостандық партиясының» жетекшісі Герт Вилдерс митинг барысында Еуропаның байырғы тұрғындары «негізінен ислам елдерінен келген заңсыз жаппай иммиграция толқынынан зардап шекті» деп мәлімдеді.

Ал Франциядағы «Ұлттық бірігу» партиясының ресми жетекшісі Джордан Барделла алдағы президенттік сайлауда партиясының, яғни Марин Ле Пен бастаған саяси күштің жеңіске жету мүмкіндігін жоғары бағалады.

– Біз Макронмен қоштасуға дайындалып жатырмыз, – деді ол қазіргі Франция президенті Эмманюэль Макрон туралы.

Бұған дейін Марин Ле Пен 2027 жыл әсіре оңшыл күштер үшін шешуші кезең болатынын мәлімдеген. Оның пікірінше, Франция, Италия, Испания және Польшадағы алдағы сайлаулар Еуропалық одақтың бағытын іштен түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Миланда осы акциямен қатар қарсы демонстрация да өтті. Оған да мыңдаған адам қатысып, ультраоңшылдардың митингісіне наразылық білдірді. Екі тарапты полиция бөліп тұрды.

Айта кетейік, Ирландияда жаппай наразылықтан кейін жанармай салығы 505 миллион еуроға азайғанын жаздық.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью