Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндіру және өңдеумен айналысты деген күдікке іліккен топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер игерілген карьерді рекультивациялау (қалпына келтіру) желеуімен жұмыс істеген. Олар карьер аумағында ауыр техникамен, сондай-ақ кенді ұсақтау және жуу жабдықтарымен жарақталған толыққанды тау-кен байыту кешенін құрған.
Өндірілген кен концентратқа айналдырылып, кейін теміржол арқылы көрші елдерге экспортқа жіберіліп отырған. Өнімді тұрақты түрде жөнелту үшін күдіктілер теміржол тұйығын жалға алған.
Тергеу мәліметтері бойынша, осылайша жалпы құны 1 миллиард теңгеден асатын 23 мың тоннадан астам.
Сонымен қатар заңсыз өндіру қоршаған ортаға да зиян келтірген. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру құны 150 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі істің өзге мәліметтерін әзірге жариялаған жоқ.
Бұған дейін Қызылорда облысында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан топтың қызметі тоқтатылған болатын. Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің прокуратура үйлестіруімен жүргізген арнайы операциясының нәтижесінде 13 адам ұсталды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу