Миллиардтар мен мін: қаржы қайда кетті?

28.04.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бұл – теріскей аймақтардың көпшілігіне тән жағдай. Алтын бесік ауылдардың карта бетінен мәңгілікке сы­зы­лып, ондағы білім беру ұйымдарының жаппай жабылуы талай бала­ның интернатта жатып оқуына мәжбүр еткені рас...

Бір қарағанда, шалғайдағы ауыл ба­­­ла­­ларын қамқорлығына алатын кие­лі орын екені рас. Алайда кезінде талай дүл­дүл түлеп ұшқан мектеп-ин­тер­нат­тар­дың бүгінгі жағдайы алаңдатарлық күй­ге жеткен. Елорданың тап іргесіндегі Ақ­мола облысында да жауапсыздық пен сал­ғырттықтың салдарынан түйтілдің түйі­ні шешілмей тұр. Бұл бір күнде басталған іс емес. Өңірдің білім ордаларындағы ас­қын­­ған жағдай аудиторлық тексеріс қо­рытындысында әшкере болды. Өкініштісі сол, мемлекеттің бюджет қоржынынан бө­­­­­лінген миллиардтаған қаржы «иге­ріл­генімен» іс жүзінде интернаттағы бейкүнә ба­лалар көп жағдайда ашқұрсақ қалған. Ал бі­лім мекемелерінде дипломсыз-ақ «мұ­ға­лім­дер» білім беріп келген...

Миллиардтар қайда кетті? 

Сонымен бәрін біртіндеп жіпке тізсек... 2022-2025 жылдар аралығында өңірдегі 14 бі­лім беру мекемесінде жүргізілген аудит қо­рытындысы 26 миллиард теңгеге жуық қа­ражаттың жұмсалғанын анықтады. Тек­серіс нәтижесі көңіл көншітпейді.

Аудиторлардың кешенді түрде жүр­гіз­ген қорытындысына сәйкес, 1,8 миллиард тең­геден астам қаражатты жұмсау кезінде өрескел заң­бұзу­шылыққа жол берілгені әш­кере болды. Со­нымен қатар 94 миллион тең­ге со­ма­сын­да тікелей қаржылық заң­бұзушылықтар тір­келген. Ал 1,7 миллиард теңге қаражат тиім­сіз пайдаланылған болып шықты.

Дегенмен білім басқармасы ұсынған рес­ми жауапта бұл көрсеткіштердің бір бө­лігі рәсімдік сипатта болғанын алға тар­тады. Ресми ұсынылған мәліметке сәйкес, 83,3 миллион теңге бухгалтерлік есепте қал­пына келтірілген, ал 7,7 миллион теңге ау­дит барысында бюджетке қайтарылған. Қал­ған 3,1 миллион теңге толық өтеліп, 2026 жылғы 2 наурызға дейін бюджет кірі­сіне өндірілген.

Сондай-ақ 27 қызметкерге тәртіптік ша­ра қолданылып, бірқатар лауазымды тұл­ғаларға, оның ішінде Щучинск қала­сын­дағы IT лицей-интернатының дирек­то­ры Бабыр Нұрматовқа қатаң сөгіс беріл­ген.

Алайда бұл деректер миллиардтаған тең­генің тиімсіз жұмсалуына сай келе ме? Мә­селе дәл осы жерде туындайды.

Баланың несібесінен жегендер...

Өңірдің мектеп-интернаттарындағы ең ауыр мәселе балалардың та­ма­ғы­на қатысты заңбұзушылықтар болып отыр. Қағаз жүзінде толыққанды мәзір бол­­­­­ғанымен, іс жүзінде порциялар бірнеше есе аз берілген. Мәселен, 400 грамм болуға тиіс тағам небәрі 77 грамм ғана ұсынылған.

Бұл жағдайға қатысты білім басқармасы нақ­ты бір күнмен байланысты түсініктеме бе­реді. Басқарма біздің сауалға жолдаған рес­ми жауабына жүгінсек, тексеріс өткен жылдың 24 қазанында жүргізілген. Тоқсан­ның соңғы күні болғандықтан, оқушы­лар­дың бір бөлігі ерте қайтып кеткен. Сол се­бепті ысыраптың алдын алу үшін тамақ аз дайындалған. Қалған өнімдер қоймада сақ­талғаны комиссияға көрсетілген.

Алайда аудит тек біркүндік көріністі емес, жүйелі бұзушылықтарды тіркеп отыр. Сондықтан бұл түсініктеме барлық фак­тіні толық жоққа шығара алмайтыны анық. Интернаттарда азық-түлік пен дәрі-дәр­мектердің жетіспеуі, ал кейбір өнім­дердің бірнеше есе қымбат сатып алынуы анықталған. Мәселен Көкшетау қалалық «Дарын» мектебінде нарықта 560 теңге тұра­тын айран 1182 теңгеден алынған.

Бұл мәселеге қатысты Білім басқар­ма­сы мемлекеттік сатып алу жүйе­сі­не сілтеме жасайды. Яғни, барлық сатып алу­лар конкурс арқылы, ең төмен баға ұсын­ған жеткізуші арқылы жүзеге асады. Де­генмен тәжірибе көрсеткендей, «ең тө­мен баға» әрдайым «ең тиімді шешім» емес. Керісінше, сапасыз немесе жасанды түрде төмендетілген ұсыныстар кейін бюджеттің бүйіріне қосымша шығын әкелуі мүмкін.

Аудиторлық тексеріс қорытындысы об­лыс аумағындағы кейбір интернаттарда ар­найы білімі жоқ педагогтардың да емін-ер­кін жұмыс істеп келгенін анықтаған. 

Бұл – балалардың білім алу құқығына тіке­лей нұқсан келтіретіні сөзсіз. Сонымен қа­тар аудиторлар білім сапасының төмен­дегенін де тіркеген.

Білім басқармасы бұл тұжырыммен то­лық келіспеді. Олардың мәліметінше, об­лыс бойынша білім сапасы 1,3 пайызға өсіп, 63,8 пайызды құраған. Ал маман­дан­дырылған мектептердегі көрсеткіш, тіпті 80,1 пайызға дейін жеткен.

Бұдан бөлек, Республика бойынша үз­дік 100 олимпиадалық мектеп рейтингіне об­лыстың 8 мектебі енген. Алайда жалпы өсім болғанымен, жекелеген интернаттар­да­ғы нақты проблемалар жоққа шығарыл­мады.

Сапасыз сатып алу – жүйелік індет

Тексеріс өңірдің мектеп-интернат­тарын­дағы орын мәселесі де аса қат­ты ушығып тұрғанын көрсетті. Мә­се­лен, Щучинск қаласындағы жатақханада 135 орынға 300-ге жуық бала орналас­ты­рыл­ған болып шықты. Бұл мәселеге қатыс­ты облыстық білім басқармасы оқушылар са­нының күрт өсуін алға тартады. 

– Лицей облыстық мәртебе алғаннан кейін сұраныс артқан. Сонымен қатар өт­кен жылы 300 орындық жаңа жатақхана са­лынып, бүгінде мәселе толық шешілген, – деді облыстық білім басқармасынан.

Дегенмен бұл мәселенің іс жүзінде бар болғанын жанама түрде мойындау екені анық.

Тексеріс барысында 100 пайыз мақта бо­луға тиіс төсек-орындардың синте­ти­ка­лық екені анықталған. Бірақ ешкім жауап­қа тартылмаған. Жеткізушілерге талап қойыл­маған, сотқа жүгіну болмаған. Бұл мем­ле­кеттік мүддені қорғаудың толықтай әлсіре­генін айғақтай түседі.

Білім басқармасы бұл сауалға жет­кізу­шілердің сапа сертификаттарын ұсынға­нын, ал синтетиканың аз мөлшері практи­ка­лық себептермен қосылғанымен түсін­дірді. Алайда бұл техникалық сипаттаманың бұзылғанын жоққа шығармайды. Сонымен қатар сапасыз өнімдер бойынша сотқа жүгіну үшін сараптама қажет екені, оның қо­сымша шығын талап ететіні айтылған. 

Ең ауыры – балаларға келгенде үнем­дейтін жүйе, өз қызметкерлеріне келгенде, «тым жомарт» болып шықты. Тексеріс қо­рытындысы артық төленген жалақы, негізсіз іссапарлар, заңсыз премиялардың неше атасы бар фактілерін тіркеген. Тіпті мекеме есепшілерінің өзіне артық демалыс ақылары мен материалдық көмек төленіп келген болып шықты.

P.S.

Жалпы алғанда, Ақмола облы­сындағы мек­теп-интернаттар төңірегіндегі жағдай – тек жекелеген заңбұзушылықтардың жиынтығы ғана емес, жүйелік проблемалардың көрінісі екенін айғақтай түседі. Білім басқармасының ресми жауаптары белгілі бір фактілерді түсіндіруге тырысқанымен, көптеген сұрақ әлі де басы ашық күйінде қалып отыр. Бір жа­­­ғында – есепте «қалпына келтірілген» мил­лиондар мен тәртіптік жазалар болса, екін­ші жағында – толық тамақ ішпеген ба­лалар, сапасыз білім мен тиімсіз жұмсалған мил­лиардтар тұр. Бұл жерде ең басты сұрақ өзгер­мейді. Баланың құқығы мен болашағы үшін бөлінген қаржының нақты нәтижесі қай­да қалды?

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью