Миллион пәтер тегін беріледі : желіде тараған ақпарат тексеріледі

12.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде тараған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық мамандары миллион пәтерге қатысты жалған ақпараттың жүйелі түрде жарияланатынын анықтады. Ал халықты сендіру үшін жоғары лауазымды тұлғалардың сөйлеген сөздерінен алынған шынайы бейнекадрлары пайдаланады.

"Мұндай ақпараттық араңдатулар маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың қарсаңында және оларды өткізу кезеңінде тұрақты түрде таратылады. Олардың қатарында референдумдар мен сайлау, Үкімет құрамының қалыптасуы, мемлекеттік және атаулы күндер, сондай-ақ аудиторияның жоғары қызығушылығын тудыратын басқа да маңызды шаралар кезінде жүйелі түрде таратылады", - дейді мамандар.

Ондай хабарламалар таратылғанда, ең алдымен, монтаждалған бөлек үзінділерге емес, сөйлеген сөздің толық бейнежазбасы орналасқан бастапқы дереккөзіне жүгінген дұрыс.

Айта кетері, жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметіне қарайды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью