Миллион теңгеге бағалаған: Қызылордада келіншек сәбиін сатпақ болған

30.04.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қызылордада 25 жастағы келіншек жаңа туған нәрестесін сатпақ болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап. 

Телеарнаның дерегінше, жас ана тоғыз ай құрсағында көтерген сәбиін миллион теңгеге бағалаған.

Негізі 25 жастағы келіншек жүкті болғаннан босанғанға дейін Мамандандырылған қоғамдық қордың бақылауында болған. Кейін осы Қордың жетекшісі жас ананы сәбиін сатуға көндіріп, клиентті де өзі тауып берген.  Сөйтіп, олар нәрестені жасырын түрде 50 жастағы әйелге 1 миллион теңгеге сатып жатқан жерінен ұсталған.

Қазір аталмыш қылмысқа қатысы бар үш әйел де уақытша ұстау изоляторында. Ішкі істер министрлігі соңғы бір айдың өзінде кәмелетке толмағандарды саудалау бойынша тоғыз дерек тіркеген екен.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью