Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Оның мәлімдеуінше, таңбалау жүйесі Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы келісімнен бастау алады. Аталған келісімге қатысушы мемлекеттер тауарларды міндетті таңбалауды енгізу жөнінде міндеттеме алған.
Қазақстанда уәкілетті орган — Сауда және интеграция министрлігі. Ал салалық мемлекеттік органдар арасында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін өнімдерді таңбалау бойынша жауапты орган болып айқындалған.
— Таңбалау — нарықты көлеңкелі айналымнан шығару, тұтынушыларды қорғау және өнімнің цифрлық қадағалануын қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын құрал. Негізгі қағидатқа сәйкес, өндіруші немесе импорттаушы өнімді таңбалайды, одан әрі жеткізу тізбегіндегі қатысушылар өнім көлемін тіркеп, бөлшек саудаға дейін өткізеді. Осылайша, өнімнің өндірушіден бастап соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысы толық қадағаланады, — деп түсіндірі спикер.
Сонымен қатар ол өз сөзінде таңбалау жүйесін енгізу акциздер мен жалпы салық түсімдерінің артуына ықпал етеді, сондай-ақ заңсыз өнімдерді анықтауға мүмкіндік береді. Таңбалануға жататын өнімді таңбасыз айналымға шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Мұндай өнім тәркіленеді. Аталған жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте бекітілген деп атап өтті.
Бұған дейін Қазақстан Орталық Азияда дәрі-дәрмекті таңбалаудың толық циклін бастаған жалғыз ел болғанын жазғанбыз.