Министр дәріханалардағы вирусқа қарсы дәрі дәрмек тапшылығына қатысты пікір білдірді: 20 қараша 2025, 16:08 жаңалықтар

20.11.2025

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астанадағы дәріханаларға кеше 60 мыңнан аса вирусқа қарсы препарат жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы дәріханаларға кеше 60 мыңнан аса вирусқа қарсы препарат жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарларында журналистер министрден ЖРВИ мен тұмау өршіп тұрған кезде Астанада қызу түсіретін дәрілер жоқ деген ақпараттың рас-өтірігін сұрады.

Ақмарал Әлназарова жақында Астанада "жекелеген жағдайларда вирусқа қарсы препараттардың тапшылығы болғанын" растады.

"Біз алғашқы күндерден бастап ірі дистрибьюторлармен жұмыс жүргіздік. Кеше (19 қараша – еск.) Астанаға ғана 60 мыңнан аса қаптама жеткізілді. Бұл дәрілер барлық дәріхана желілеріне таратылды, сондықтан қазір айтарлықтай өткір тапшылық байқалмайды. Бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз", – деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью