Министр егіс алқаптары азайғанмен астық былтырғыдан көп жиналғанын мәлімдеді

04.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Биыл бидайдың егіс алқаптары азайса да, былтырғымен салыстырғанда астық көп жиналды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі таңда республика бойынша астық жинау науқаны толығымен аяқталды. Ресми мәліметке сәйкес, 16 млн гектар алқаптан гектарына 17 центнер орташа өнімділікпен 27 млн тонна астық қамбаға құйылды. Осы уақытқа дейін 20,3 млн тоннасы бастырылды.

"Бұл өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион тоннаға көп. Егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде бидайдың егіс көлемі шамамен 900 мың гектарға қысқарғанымен өндіріс көлемі азаймай, керісінше артты. Бұл озық агротехнологиялардың тиімділігін тағы да дәлелдейді",- деді Сапаров үкіметтің бүгінгі отырысында.

Бұдан бөлек, 4 млн тоннаға жуық арпа жиналды. Ал бұршақ дақылдарының түсімі алғаш рет 1 млн тоннаға жетті.

"Майлы дақылдар бойынша бүгінгі күннің өзінде рекордтық 4,3 млн тонна жиналды және егін жинау жұмыстары жалғасып жатыр", - деп атап өтті министр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью