Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елді 80 процентке газбен қамтамыз ету жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Тоқаев газдандыру көрсеткішін осы деңгейге дейін жеткізкге тапсырма берген болатын. Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде халықтың 64,2 проценті, 13,1 миллион адам табиғи газды пайдаланып жатыр.
Алдағы уақытта тағы бір ауқымды жоба іске асырылады. Ол - "Ишим – Астана" магистралдық газ құбыры. Соның арқасында Астана, Көкшетау және Петропавл қалалары газбен қамтамасыз етіледі. Оған қоса, солтүстік өңірлеріне табиғи газ жеткізу маршруттарын әртараптандыруға мүмкіндік болады.
"Жергілікті атқарушы органдар іске асыратын газдандыру жобалары уақтылы қаржыландырылып, сондай-ақ "Ишим – Астана" магистралдық газ құбыры жобасы табысты іске асырылған жағдайда елді газдандыру деңгейін 2035 жылға қарай 64,2%-дан 80%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр", - деді Ақкенженов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, былтыр үкімет "Ишим – Астана" магистралдық газ құбырын салу бойынша ресейлік “Газпром” компаниясымен меморандумға қол қойған болатын. Құрылыс жұмыстары әлі басталған жоқ.