Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Соңғы үш жылда Қазақстанның телекоммуникация саласына салынған инвестиция көлемі 1 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, бұл инвестициялар нақты нәтиже бере бастаған. Соңғы екі жылда тіркелген байланыс абоненттерінің саны 19%-ға, ал мобильді байланыс пайдаланушыларының саны 12%-ға артқан.
Сонымен қатар мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 75%-ға өссе, интернет-трафик көлемі 67%-ға көбейген.
«Біз барлық бағыт бойынша айтарлықтай өсімді байқап отырмыз. Интернет трафигі, жылдамдық және абоненттер саны тұрақты түрде артып келеді», деді министр Мәжіліс отырысында.
Автоқоңырау мен шетелдік нөмірлер арқылы жасалатын шабуылдарға қашан тосқауыл қойылады?
Оның сөзінше, бұл көрсеткіштер базалық станциялар инфрақұрылымын кеңейту есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Қазіргі уақытта елде ескірген 3G технологиясынан кезең-кезеңімен бас тарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Бүгінде тек 3G байланысымен қамтылған ауылдар саны бес еседен астам қысқарып, шамамен 550 елді мекенді құрайды. Бұл желілерді 4G стандартына жаңғырту арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар 5G базалық станцияларын салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Смартфоныңызды бөгде адамға беруге болмайды: Қазақстанда жаңа тыйым енгізілмек
Ведомство мәліметінше, алдағы екі жылда 3,5 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтылады. Соның нәтижесінде ауылдарды оптикалық интернетпен қамту деңгейі қазіргі 43%-дан 92%-ға дейін өседі.
Сондай-ақ биыл республикалық маңызы бар автожолдарды мобильді интернетпен қамту, ал келесі жылы негізгі облыстық трассаларда интернет желісін іске қосу жоспарланып отыр.
Нұрболат АМАНБЕК
Соңғы жаңалықтар
Автоқоңырау мен шетелдік нөмірлер арқылы жасалатын шабуылдарға қашан тосқауыл қойылады?
Парламент • Бүгін, 13:51
Қазан айынан бастап пайызсыз ипотека берілуі мүмкін: Бастапқы жарна қанша?
Ипотека • Бүгін, 13:40
Сайлау шығындары үшін ақша қайдан алынады?
Сайлау • Бүгін, 13:23
Енді мұғалім оқушыға тек сабақ кезінде жауапты: Мәжіліс жаңа заңды мақұлдады
Парламент • Бүгін, 13:18
Айтарлықтай нәтиже байқалмайды: Олжас Бектенов Ұлттық парктердегі баяу жұмысты сынға алды
Үкімет • Бүгін, 13:08
112 қызметіне көмек сұраған адамның орналасқан жерін анықтау мүмкіндігі беріледі
Оқиға • Бүгін, 12:57
eGov, e-Otinish және Aitu қызметтерін интернетсіз пайдалануға болады
Парламент • Бүгін, 12:47
Смартфоныңызды бөгде адамға беруге болмайды: Қазақстанда жаңа тыйым енгізілмек
Парламент • Бүгін, 12:22
Ақтаудағы сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Әскер • Бүгін, 12:12
Мектеп мұғалімі олимпиадаға дайындалудың құпиясын бөлісті
Білім • Бүгін, 12:08
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде 35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 11:59
Жазғы маусымда Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 11:40
Сайлау кезінде заң бұзғандарға жаза қатаңдатылады
Парламент • Бүгін, 11:34
Қызылорда медицина колледжінің 1-курс студентін жатақханада ұрып өлтірген
Оқиға • Бүгін, 11:27
Алматыда заңсыз сауда нысандары жаппай сүріліп жатыр
Сауда • Бүгін, 11:21