Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектепте бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау жүйесі біртіндеп өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде министрлік бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау жүйесін қайта зерделеуге кіріскен. Себебі ондай бағалаудың тақырыптары мен тапсырмалары ақпарттық жүйелерге енгізілмей жатады.
"Біз диктант, мазмұндама және шығарманы қайта енгізу мәселесін қарастырып жатырмыз. Балалардың сауатты жазуын, оқығанын жаза алуын және жазғанын еркін жеткізе білуін, сондай-ақ сыни ойлау қабілетін дамыту үшін осындай шешім қабылдадық. Бұл бастаманы ұстаздар мен ата-аналар да қолдап отыр. Сондықтан болашақта БЖБ мен ТЖБ-дан біртіндеп бас тартуымыз мүмкін", — деді Сүлейменова үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, бұл мәселеге қатысты нақты шешім алдағы Тамыз кеңесінде жарияланады.
"Сол кезде қай сыныптарда қалдырамыз, қай сыныптарда алмастырамыз, соны нақты айтамыз", - деп атап көрсетті Сүлейменова.