Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа спорт шебері атағын беру мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Шайдоров қажетті нормативті орындаса да, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері атағын алмағанын мәлімдеген болатын. Ал министрдің айтуынша, тиісті бұйрыққа баяғыда қол қойылған болатын.
"Бірақ сол кезде техникалық мәселелерге байланысты куәлігін тапсыруға мүмкіндік болмады. Қазіргі кезде Михаил атақтың белгісін алды. Алайда АҚШ-тағы дайындығына байланысты оны ресми түрде тапсыра алмадық. Уақыт та тығыз болды. Алдағы уақытта жеті әлем чемпионаты бар. Солардың ең алғашқысында тапсыруды жоспарлап отырмыз", - деді Мырзыбосынов үкіметтегі брифингте.
Осы орайда министр Олимпиада чемпионымен арада ешқандай түсініспеушілік жоқ екенін айтты.
Айта кетері, Шайдоров бірнеше ай жалақы алмағанын да айтқан. Ал министрлік бұл мәселе жаңа келісімшартты дайындаумен байланысты болғанын хабарлады.