Министр қатерлі ісікке қарсы отандық препараттың әлі тіркелмеу себебін айтты

31.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатерлі ісікке қарсы отандық препарат не себепті тіркелмей жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бір жыл бұрын министр ол препараттың жылдың соңында тіркеліп, нарыққа шығарылатынын мәлімдеген болатын. Бірақ дәрі-дәрмек әлі тіркелген жоқ. Министрдің айтуынша, барлық жұмыс ұлттық заңнама талаптарына сай атқарылып жатыр. Бірақ препаратты тіркеу үшін халықаралық регламенттер те бар. Қосымша клиникалық зерттеулерді өткізу керек.

"Бізде ұлттық сараптама орталығы бар. Дәл осы мекеме тіркейді. Ал халықаралық тіркеу - бұл бөлек процедура. Біз осы жылдың соңына дейін бұл дәріні ұлттық деңгейде тіркеуді жоспарлап отырмыз. Сонда ресми тіркелген дәрі-дәрмек болады", - деді Нұрбек үкіметтегі брифингте.

Министрдің сөзіне қарағанда, тіркеуден кейін клиникалар оны қолдана алады.

Айта кетері, қатерлі ісікке қарсы бірегей препаратты қазақстандық биотехнолог ойлап тапқан.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью