Министр Қызылорда Ақтөбе тас жолының құрылысын уақытында аяқтауға уәде берді

03.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев "Қызылорда - Ақтөбе" тас жолының құрылысын уақытында аяқтауға уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгінде бұл жол "Батыс-Еуропа – Батыс Қытай", сондай-ақ, Ресей мен Орталық Азияны қосатын негізгі бағыттардың бірі болып саналады.

"Қызылорда – Ақтөбе" жобасы үш учаскеге бөлінген. "Ақтөбе-Ұлғайсын" және "Сексеуіл-Қызылорда" құрылысы осы жылы басталады. Ал "Ұлғайсын-Сексеуілді" келесі жылы бастаймыз. Жоспар бойынша үш учаскенің жұмыстарын бір уақытта бітіруіміз қажет", - деді Сауранбаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ал "Қарағанды – Жезқазған" және "Орталық – Батыс" бағыттары бойынша құрылыс жұмыстары биыл мамыр айында басталады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью