Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: әлеуметтік желіден
Министрлік қоғамда қызу талқыланған жағдайды бақылауға алған. Асқар Ертаевтың айтуынша, жас отбасы Астанаға Шымкенттен көшіп келген. Олардың ол жақтағы жағдайы жақсы болған, ата-аналарының да материалдық жағдайы нашар емес. Отағасының жоғары білімі бар, бірақ тұрақты жұмысы жоқ. Ал курьер болған келіншектің техникалық орта білімі бар екені белгілі болды.
«Күйеуінің ауырып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Отбасының жеңіл автокөлігі және 2 миллион теңге көлемінде несиесі бар. Келіншектің туған ағасы ломбард саласында қызмет етеді», деді министр.
Сондай-ақ Асқар Ертаев балалы әйелді жұмысқа шығарған платформаның жауапкершілігі туралы сөз қозғады.
«Ол шынымен курьер ретінде тіркелген. Бірақ бізде ол орналасқан компанияға қатысты сұрақтар бар. Жұмысқа шығар алдында қандай нұсқаулық берілгені және оны баламен бірге жұмысқа қалай жібергені түсініксіз. Жұмыспен қамту платформасы уақыт беруімізді сұрады, жауабын күтіп отырмыз. Келесі аптада диалогты жалғастырамыз», деді А. Ертаев.
Еске салайық, әлеуметтік желіде кішкентай баласын арқалап, курьерлік қызмет істеп жүрген ананың суреті тарап, көпшіліктің назарын аударған еді.
Вице-министр курьер болып жүрген жас анаға қатысты пікір білдірді