Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев биыл алты айдың ішінде барлық өңірде сауда көлемі өскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дегенмен ең жоғары өсім төрт аймақта тіркелген. Олар:

Павлодар облысы (125,3 %);

Солтүстік Қазақстан (121,8%);

Түркістан облысы (121,4 %);

Шымкент (121,8 %).

Ал Қазақстандағы жалпы тауар айналымының 70 пайыздан астамы Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, сондай-ақ Атырау және Қарағанды облыстарына тиесілі.

Бүгінде өнімсіз делдалдарға бақылау күшейтіліп, тауар қозғалысын кезең-кезеңімен қадағалау жүйесі енгізілді.

"Қабылданған шаралардың алғашқы нәтижесі бар. Алты айдың қорытындысы бойынша азық-түлік тауарлары бөлшек саудасының нақты көлем индексі 9,5 пайызға өсіп, өткізу көлемі 3,7 трлн теңгені құрады", - дейді Шаққалиев.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью