Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
- Каспийдің және Жетісу облысындағы Алакөл жағажай аймақтарында судың түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажет. Кейбір курорттар туристер ағынының көбеюіне дайын болмай жатыр.
Бурабай курорттық аймағында маусымның қызған шағында кептеліс болуда. Ал Балқаш көлі бағытында жол бойындағы қызмет көрсету объектілерінің жетіспейтіні, жанармайдың тапшылығы, яғни жанармай құю станцияларында сағаттап тұратын кезектер байқалады. Барлық дерлік курорттық аймақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жоқ деуге болады, - деді ол.
Ведомство басшысы бұл проблемаларды шешу үшін Ұлттық экономика министрлігіндегі басшылардың ұстанымын өзгерту керек деп отыр.
- Аталған мәселелердің бәрін шешу үшін басым туристік аумақтардағы инфрақұрылымдық жобаларды жалпы ел үшін маңызы бар және аса маңызды объектілермен теңестіру ұсынылады. Басым туристік аумақтар бойынша тиісті түзетулер қазір Сенатта қаралып жатыр.
Ұлттық экономика министрлігіне өз қағидаларына өзгеріс енгізуді тапсыруды сұраймыз, - деді министр.
Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында туризмді дамыту мәселелерін қаралып жатыр.