Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев утиль алымының ақшасы қалай жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістегі брифингте Нысанбаев "Жасыл даму" компаниясы жинайтын қаражат қатаң бақылауда екенін айтты. Бүгінде утиль алымының ақшасы 14 бағытта жұмсалады.
"Мысалы, орманды қорғау үшін өрт сөндіру машиналарын сатып алдық. Бұдан бөлек, шамамен 10 миллиард теңгеден астам ақшаға лизингпен орман өртін ерте анықтау жүйесін енгізіп жатырмыз. Ондайда арнайы камералардың көмегімен өртті ерте анықтауға мүмкіндік бар", - деді министр.
Оның айтуынша, былтыр утиль алымынан 300 млрд теңге жиналды.
"Осы ақшадан бір ғана автоөндіріске 164 млрд теңге қайтардық. Соның ішінде ауыл шаруашылығы техникасы және көліктер бар", - деді Нысанбаев.