Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жеткілікті шектерін арттыру туралы шешім алдағы мамыр айында қабылдануы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, тиісті өзгерістер жақын уақытта бекітілуі ықтимал.
«Біз бұл өзгерістерді таяу уақытта қабылдаймыз. Мүмкін, келесі айда-ақ өзгерістер белгілі болады», деді ол.
Ведомство басшысы атап өткендей, зейнетақы жинақтарындағы жеткілікті шектердің нақты қалай өзгеретіні әлі белгісіз. Бұл мәселе мемлекеттік органдармен бірлесіп талқыланып жатыр.
Министрдің мәліметінше, тиісті қаулы жобасы екі рет ұсынылған. Алғашқы нұсқада шектерді болжамды инфляция деңгейіне сәйкес арттыру көзделсе, мемлекеттік органдар тарапынан санаттар бойынша есептеу ұсынылған.
«Біз қаулы жобасын жолдадық, қазір ұсыныстарды күтіп отырмыз. Кейін бір формуланы таңдап, оны жобаға енгізіп, соңғы келісуге жібереміз», деді Аскарбек Ертаев.
Еске салайық, Үкімет зейнетақы жинақтарының жеткілікті шектерін арттыру арқылы азаматтардың жинақтарын сақтау және болашақта жоғары зейнетақы қамтамасыз етуді көздеп отыр. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл шектер орта есеппен 10 пайызға өскен. Бұған дейін 2023-2025 жылдар аралығында көрсеткіштер өзгермеген еді.
Соңғы жаңалықтар
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10
Допинг дауы: WBO Әлімханұлының ісі бойынша соңғы шешім шығарады
Бокс • Кеше
Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында әйел TikTok-тағы балағат сөздері үшін сотталды
Оқиға • Кеше
Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Кеше
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Кеше
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше