Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: Ашық дереккөз
Сондай-ақ ол жеке қауіпсіздік мәселелеріне бас мән беру керектігіне тоқталды.
«11 маусым мен 19 шілде аралығында Америка Құрама Штаттарында, Канадада және Мексикада футболдан әлем чемпионаты өтеді. Бұл ірі спорттық шараға көптеген шетелдік жанкүйерлер, соның ішінде біздің азаматтар да қатысады. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігі чемпионат матчтарына және өзге де іс-шараларға баратын азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтап, мұқият болуға шақырады», деді Ерлан Жетібаев.
Әлем чемпионаты: ФИФА Иран құрамасына қатысты шешім қабылдады
Сондай-ақ министрлік өкілі ел азаматтарына жеке басын куәландыратын құжаттарды әрдайым өзімен бірге алып жүру керектігін айтты.
«Қабылдаушы елдердің көші-қон заңнамасын, виза талаптарын сақтау маңызды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу жергілікті жедел қызметке хабарласып, Қазақстанның дипломатиялық және консулдық мекемелерімен байланыста болу қажет», деді ол.
Еске салайық, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты Канада, Мексика және АҚШ елдерінде 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Бұл турнирге алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады.