Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Министрлік шетелдік блогерлерді, туристік қауымдастықтар мен компанияларды топтық ақпараттық турлар аясында шақыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
— Ведомство қызметінде жекелеген жеке тұлғаларды шақыру қарастырылмаған. Ресми түрде жеке өтініштер түскен жағдайда министрлік жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда аталған блогерден министрлікке ешқандай өтініш келіп түспеген, — делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар Kazakh Tourism ұлттық компаниясы атынан блогермен жеке хат алмасу болғанын хабарлайды. Компания мәліметі бойынша, келіссөздер нақты келісімге жетпей аяқталған.
— Kazakh Tourism ұлттық компаниясы өз тарапынан еліміздің туристік әлеуетімен танысу үшін ақпараттық қолдау көрсетуге және қажетті мәліметтер ұсынуға дайын, — делінген хабарламада.
Айта кетелік елде туристік бағыттарға жол салынып жатқаны туралы жазған едік.