Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Фото: Ашық дереккөз
Америка Құрама Штаттарының құзырлы органдары бұған дейін табылған мәйіттің кімге тиесілі екенін анықтады. Ведомство марқұмның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтты.
Қазіргі уақытта отандық дипломаттар АҚШ құзырлы органдарымен, марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста отыр. СІМ Әсеттің отбасына қажетті консулдық көмек көрсетіп, құжаттарды ресімдеу, мәйітті Қазақстанға жеткізу (репатриация) жұмыстарын ұйымдастырып жатыр.
24 жастағы Әсет Құралбай Иллинойс штатының Форд-Хайтс елді мекенінде тұрған. Ол соңғы рет 2 маусым күні байланысқа шығып, 7 маусымнан бастап телефоны өшірілген. Оның үйінде құжаттары мен банк карталары қалған. 10 маусымда полиция жас жігіттің автокөлігін тапты. Кейін құқық қорғау органдары оның мәйітін анықтады.