Министрлік еліміздегі барлық перинаталдық орталыққа тексеру жүргізеді

27.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Фото: istockphoto

Тексеруді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүргізеді. Зерделеу барысында инфекциялық бақылау талаптарының сақталуы бағаланып, аналар мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шаралары тексеріледі.

«Инфекциялық бақылау жүйесінің басты міндеті – тәуекелдердің алдын алу. Әрбір инфекция жағдайы кәсіби талдау жүргізуге және пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылдауға негіз болуға тиіс», деді Ақмарал Әлназарова.

Еліміздегі наркологиялық орталықтарға тексеру жүргізіледі

Ведомство антибиотиктерге төзімділік мәселесіне де ерекше назар аудармақ. Осыған байланысты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бактерияға қарсы препараттарды рецепт арқылы босату талаптарының сақталуын күшейтеді.

Косметикалық операциядан кейінгі өлім: Алматы мен Ақтаудағы клиникалардағы тексерістің жайы

Тексеру қорытындысы бойынша әр өңірде инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіруге арналған арнайы жол карталары әзірленіп, бекітіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық хирургия қызметін көрсететін клиникаларға жоспардан тыс тексеру жүргізетінін хабарлаған еді. Бұл шешім елімізде пластикалық отадан болған қайғылы жағдайлардың артуына байланысты қабылданған болатын. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью