Министрлік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

23.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Корея Республикасында заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтары елден айыппұл төлемей  және қайта кіруге тыйым салынбай ерікті түрде шыға алады. Бұл мүмкіндікті азаматтар биылғы ақпан айының соңына дейін қолдана алады. Бағдарлама 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап іске қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңсыз көші-қонды азайту және азаматтарымыздың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Корея Республикасының Әділет министрлігімен жүргізген келіссөздер барысында ерікті шығу бағдарламасының уақытын ұзартуға келісті.

«Аталған шаралар құқықтық салдарды жеңілдетуге және өз мәртебесін реттеуге дайын азаматтарды қолдауға бағытталған. Бағдарлама мәжбүрлі түрде депортациялауға жататын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға, сондай-ақ 2025 жылдың 1 желтоқсанынан кейін заңсыз мәртебеге ие болған шетелдіктерге қолданылмайды.

Бағдарламаға қатысу үшін паспорт, ерікті шығу туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарландыру ұшу күніне 15-тен 3 күн қалғанға дейінгі аралықта Корея Республикасының көші-қон қызметтері арқылы берілуі тиіс», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Аталған министрлік Қазақстан азаматтарына заңсыз миграция, елден шығарылу, айыппұлдар, құқықтардың шектелуі және еңбек дағдарыстарының алдын алу үшін шетелде тек заңды негізде еңбек етуге кеңес береді.

Құрылыста заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ұсталды

Тек ресми және тексерілген еңбек ету арналары – лицензияланған жұмыспен қамтитын жекеше агенттіктер, мемлекеттік бағдарламалар және жұмыс берушілердің ресми ұсыныстарын пайдалану қажет.

Қостанайда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды

Елорда • Бүгін, 12:57

Министрлік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 12:50

Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады

Энергетика • Бүгін, 12:48

Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады

Технология • Бүгін, 12:40

Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі

Ата заң • Бүгін, 12:34

Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?

Қоғам • Бүгін, 12:23

Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек

Қоғам • Бүгін, 12:18

Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды

Әлем • Бүгін, 12:10

Еңбек демалысы сақталады: Конституцияның жаңа редакциясындағы өзгеріске байланысты министрлік түсініктеме берді

Қоғам • Бүгін, 12:09

Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті

Аймақтар • Бүгін, 11:57

Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50

Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 11:48

Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 11:36

ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 11:20

Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды

Фармацевтика • Бүгін, 11:20

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью