Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Елімізде білім беру стандарттарын қайта қарау жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Жаңа өзгерістер білім сапасын арттырып, бәсекеге қабілетті маман даярлауға бағытталады, деп жазады Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, жаңартылған стандарттарда іргелі ғылымдарды тереңдетіп оқытуға ерекше мән беріледі. Сонымен қатар IT саласын дамыту мен цифрлық құзыреттерді қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі болмақ.
Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?
«Негізгі назар бастауыш білім беру деңгейін нығайтуға аударылады. Өйткені дәл осы кезеңде баланың әрі қарайғы білім жолын айқындайтын базалық білім, дағдылар мен құндылықтар қалыптасады. Біз тек оқу бағдарламаларының мазмұнын ғана емес, оқулықтардың сапасын да қайта қараймыз. Сонымен қатар жыл сайын бірінші сынып оқушылары негізгі пәндер бойынша жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етіледі», деді Жұлдыз Сүлейменова.
Жаңа өзгерістер аясында оқу бағдарламалары да жаңартылып, пәндердің мазмұны қайта қаралады. Мәселен, 8-9 сыныптар үшін «Қазақстан географиясы» пәнін аптасына екі сағат көлемінде қайта енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.
Сондай-ақ 2026 жылы 3, 4, 7, 8 және 9-сыныптарға арналған мектеп оқулықтары жаңартылмақ.
Жалпы, білім беру жүйесіндегі бұл өзгерістер оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасап, заман талабына сай білікті кадр даярлауды көздейді.
Соңғы жаңалықтар
Мобильді банкингтегі ақшаны қалай қорғауға болады?
Қаржы • Бүгін, 11:23
Олжас Бектенов: Жаңа Конституция мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына берік негіз болады
Ата заң • Бүгін, 11:08
Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі
Заң • Бүгін, 10:57
Өнеркәсіптік алпауыттар қалай бақыланады? Министрлік автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізбек
Қоғам • Бүгін, 10:55
Университеттерді қаржыландырудың жаңа жүйесі енгізіледі
Университет • Бүгін, 10:45
Семейде ЖИ көмегімен жалған сурет жасаған тұрғын жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 10:40
Жаңа Конституция азаматтардың дербес деректерін қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 10:32
Алдағы жылдары мектеп оқулықтары толығымен жаңартылады
Білім • Бүгін, 10:25
Аймақтар • Бүгін, 10:22
Вице-премьер: Әлеуметтік саясаттың өзегі – адами капитал
Үкімет • Бүгін, 10:21
Аида Балаева: Мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемі сақталады
Үкімет • Бүгін, 10:20
Үкімет • Бүгін, 10:08
Ормұз бұғазы арқылы мұнай тасымалы қалай шешілмек?
Әлем • Бүгін, 10:00
Үкімет • Бүгін, 09:57
Көктайғақ және тұман: 18 наурызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:48