Министрлік мереке қарсаңында алаяқтардан сақ болуға шақырды

18.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ішкі істер министрлігі қызметкерлері мереке қарсаңында жалған ашықхаттар мен «тиімді» жеңілдіктерге сенбеуді ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: ашық дереккөз

Мереке қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет етеді. Олар қауіпті файлдар тіркелген «жаңажылдық құттықтаулар» таратып, сондай-ақ бағасы әдейі төмендетілген сыйлықтар мен тауарлар туралы жалған хабарландырулар жариялайды.

Ақша аударылғаннан кейін байланысты тоқтатады. Алаяқтар анимациясы немесе музыкасы бар құттықтау жіберіп, файл арқылы парольдерге, банк карталарына және қосымшаларға қол жеткізеді. Сондай-ақ нарықтағы бағадан едәуір төмен бағада тауар немесе сыйлық ұсынады. Ақшаны шұғыл түрде аударуға көндіреді. Төлем жасалған соң хабарландыруды өшіріп, жауап бермейді.

«Алаяқтар жиі жалған аккаунттар мен қолдан жасалған пікірлерді пайдаланып, өзін сенімді сатушы ретінде көрсетеді. Сондықтан бейтаныс сатушыларға алдын ала ақша аудармай, пікірлер мен аккаунттың тарихын мұқият тексеру қажет. Бейтаныс адамдардан келген файлдар мен сілтемелерді ашпай, apk кеңейтімі бар файлдарды бірден өшіргеніңіз абзал», деп ескертті ІІМ.

Айта кетейік, бұған дейін алаяқтар тұрғындарды тұзаққа түсірудің жаңа айла-тәсілін ойлап тапқанын хабарлаған едік. Қаскүнемдер жеткізу қызметтерінің, басқарушы компаниялар және банктердің атынан әртүрлі SMS-хабарламалар жіберіп, азаматтарды өздері қайта қоңырау шалуға итермелейді. 

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мас жүргізушілер 1 жылда 763 рет құқық бұзған

Қоғам • Бүгін, 17:20

Қазақстанда сирек металдарды барлаудың жаңа стандарты енгізіледі

Үкімет • Бүгін, 17:13

Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беріледі

Қоғам • Бүгін, 17:00

Астанада 14 млрд теңгеге заманауи зертханалық кешен салынады

Елорда • Бүгін, 16:51

ЛГБТ насихаты үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды

Оқиға • Бүгін, 16:40

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты

Экономика • Бүгін, 16:32

2025 жылы ел экономикасы қалай өзгерді?

Экономика • Бүгін, 16:22

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 16:15

Пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған

Экономика • Бүгін, 16:01

Жапония Премьер-министрінің офисінде Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті

Президент • Бүгін, 15:52

18–20 желтоқсан аралығында елімізде қар жауып, боран соғады

Ауа райы • Бүгін, 15:45

Мирас Мұқаш: Әскер беделін арттыратын туындылар керек

Қоғам • Бүгін, 15:28

«Отанды сүю – жүректен» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Мәдениет • Бүгін, 15:01

Қазақстанда самокатпен жүру ережелері қатаңдады

Қоғам • Бүгін, 14:56

Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық меморандумын жасады

Әскер • Бүгін, 14:43

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью