Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Фото: pixabay
Энергетика министрінің кеңесшісі, ресми өкіл Әсел Серікбаеваның айтуынша, диспетчерлік қызметтер газ жеткізу логистикасын жедел түрде түзетіп, қарсы бағыттағы газ көлемдерін баламалы маршруттар арқылы жеткізуді ұйымдастырған.
«Отын көлемі басқа көздер есебінен үздіксіз қамтамасыз етіліп отыр. Қазақстанның газ инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ішкі нарық энергия ресурстарымен толық қамтамасыз етілген. Жағдай министрлік пен ұлттық оператордың тұрақты бақылауында», деді ол.
Бұған дейін украиналық дрондардың Орынбор облысындағы газ өңдеу зауытына шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Өңір губернаторы Евгений Солнцев өнеркәсіп нысанының үстінде бірнеше ұшқышсыз аппараттың атып түсірілгенін мәлімдеді.
Оқиғадан кейін Орынбор, Орск және Ясный қалаларының әуежайларында әуе кемелерін қабылдау мен ұшыруға уақытша шектеулер енгізілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін ондаған дрон Кремльден 14 шақырым жерде орналасқан Мәскеу мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған еді. Аталған кәсіпорын Мәскеу өңіріндегі бензиннің шамамен 40%-ын және дизель отынының 50%-ын қамтамасыз етеді.