Миранда ережесінің бекітілуі азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған маңызды құқықтық кепілдік ретінде бағаланады

01.02.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде айқындалуы Қазақстан Республикасының құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі дамуын нығайтатын маңызды стратегиялық қадам саналады.

Бұл туралы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті компьютерлік ғылымдар кафедрасының доценті Гусманова Фарида Равильқызы мәлімдеді.

Сарапшының айтуынша, Конституцияның негізгі құқықтар мен бостандықтарға арналған бөлімі әзірленген кезде халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісімдер ескерілген. Бұл ұлттық заңнаманың халықаралық стандарттарға сәйкестігін арттырып, азаматтардың жеке, әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтарын кеңейтеді, сондай-ақ оларды іске асыру мен қорғау тетіктерін күшейтеді.

– Жоба аясында өмір сүру құқығының абсолюттілігі, жеке тұлғаның қол сұғылмаушылығы, жеке деректерді қорғау және қылмыстық процестегі «Миранда ережесінің» бекітілуі азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған маңызды кепілдіктер ретінде қарастырылған. Сондай-ақ сөз бостандығы, ғылыми және шығармашылық еркіндік, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылған, – деді сарапшы.

Оның айтуынша, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, зайырлы мемлекеттілік қағидаттарын сақтау, неке институтының ер мен әйелдің тең құқықты және ерікті одағы ретінде белгіленуі қоғамдағы тұрақтылықты, әлеуметтік әділеттілікті және дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

– Қорытындылай келе, Конституция жобасы отандық және халықаралық құқықтық тәжірибені ескере отырып әзірленген, мемлекеттің құқықтық негіздерін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге және елдің ұзақ мерзімді дамуына берік құқықтық іргетас қалыптастыруға арналған маңызды құжат, – деп түйіндеді Гусманова Фарида Равильқызы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью