Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Украина өзіне жеткізілген қару-жарақтың бір бөлігін Азия, Таяу Шығыс және Африкадағы қақтығыс ошақтарына жөнелтіп жатыр. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Ресей Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Родион Мирошник мәлімдеді.
"Украиналық хаб"арқылы қару-жарақ Африкадағы, Азиядағы және Таяу Шығыстағы қақтығыс ошақтарына түсіп жатыр", – деді Мирошник агенттікке берген сұхбатында.
Оның айтуынша, бүгінде Украина "батыстық серіктестері" орасан зор көлемде жеткізетін қару-жарақтың заңсыз саудасындағы ең ірі хабтардың біріне айналған.