Міржақып. Оян, қазақ! авторлары үш жылдық үзілістен кейін жаңа фильмді көрермен назарына ұсынады

04.08.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фильм продюсері Айсәуле Әбілда YouTube желісінде журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында «Қара алтынның» команда үшін үш жылдық үзілістен кейінгі алғашқы үлкен жоба екенін айтты.

Шоқан Уәлиханов туралы фильмнің түсірілімі елордада жалғасты

Продюсердің сөзінше, шығармашылық топ «Оян, қазақтан!» кейін Алаш зиялылары тақырыбын жалғастыруға да дайын болған. Алайда тарихи жобаларды жүзеге асыруға қажетті бюджет мәселесі олардың жаңа бағыт іздеуіне әсер еткен.

Осыдан кейін авторлар тәуелсіздік жылдарындағы қазақ қоғамының қалыптасуы мен кәсіпкерлік ортасы туралы оқиғаға назар аударған. Нәтижесінде тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі мұнай бизнесін арқау еткен «Қара алтын» фильмі дүниеге келген.

Бақыт Қажыбаев: «Оян, қазақ» – уақыттың сұранысы

Айсәуле Әбілданың айтуынша, туындының жанрын мотивациялық бизнес-драма деп сипаттауға болады. Дегенмен фильмде кәсіп ашу немесе байлыққа жету жолы ғана көрсетілмейді. Картина адамның өз арманына адал болуы, кедергілерге қарамастан бастаған ісін соңына дейін жеткізуі және ішкі ұстанымынан айырылмауы туралы баяндайды.

«Қара алтын» деген мотивациялық драма – өз арманыңнан бастау, өзіңді сатпау, әлем саған қарсы болса да, өзің сенген дүниені түбіне дейін апару туралы», деді продюсер.

Фильм шынайы оқиғаға негізделген. Оның нақты прототипі де бар. Алайда шығармашылық топ кейіпкердің есімін әзірге жарияламауды жөн көрген.

«Нақты кейіпкері өмірде бар. Ол кісімен келісім бойынша мен қазір аты-жөнін жарияламай-ақ қояйын. Киномыз шықсын, содан кейін өзі айта жатар деп ойлаймын», деді Айсәуле Әбілда.

Продюсер «Қара алтынның» жас көрерменге, әсіресе өз мүмкіндігін төмен бағалайтын ауыл жастарына ой салғанын қалайтынын жеткізді. Оның пікірінше, тіл білмеу, әлеуметтік орта немесе адамның санасындағы шектеулер биік мақсаттан бас тартуға себеп болмауы керек.

Авторлар фильмді ұзақ уақыт дайындап, барынша сапалы дүние ұсынуға тырысқан. Айсәуле Әбілда өз еңбектерін асыра мақтағысы келмейтінін, дегенмен көрерменнің кинотеатрға барғанына өкінбейтініне сенетінін айтты.

«Бар күшімізді сарқып істегеніміз осы болды. Өзімнің көңілім толды. Көрермен барғанына өкінбейді. Бала-шағасымен бірге барып көруге тұрарлық фильм», деді продюсер.

«Қара алтын» фильмі 10 қыркүйектен бастап барлық кинотеатрларда көрсетіле бастайды.

Еске салайық, 2023 жылы режиссер Мұрат Есжанның «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі көрерменге жол тартқан болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью