Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президентінің атына Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлады Ақорда.
"Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қаза болған жандардың туған-туыстарына, сондай-ақ Қазақстан халқына қайғыға ортақтасып көңіл айтты", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген әріптестеріне ризашылық білдіріп, халықаралық қолдау мен тілеулестіктің айрықша маңызды екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин көңіл айтқан болатын.