Миссия орындалды! : Дариға Бадықова қуанышты жаңалығын айтты

17.10.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Белгілі әртіс, қазіргі таңда танымал продюсер атанған Дариға Бадықованың «Ыстық ұя» фильмі 1 миллиард теңге касса жинады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

 «Ыстық ұямыз» миллиард жинады. “Бауырыма көлік сыйладым”, “Бір үйден 10-15 адам келдік”, “Анамды құшақтап жыладым”, “Бауырыммен қауыштым”….көөөп шынайы неше түрлі хаттар толастамай күнде келді. 

Ыстық Ұя – жай фильм емес. Бұл – сезім. Бұл – сағыныш. Жүректерге жетсінші, жүректер қозғалсыншы деп түсірілген фильм еді… Талай суық жүректі жылытты, талай қатты жүректі жібітті. Бұдан артық жетістік жоқ. Миссия орындалды», - деп жазды Д. Бадықова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» дебюттік продюсерлік жобасы да 1 миллиард теңге касса жинаған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью