​Миялы ауылы маңында далалықта 20 гектар жер өртенді

31.07.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

29 шілде күні кешкі уақытта Қызылқоға ауданының Миялы ауылынан шамамен 70 шақырым жерде орналасқан «Темірбай» қыстағы маңындағы ашық дала алқабында 20 га құрғақ шөптің жану фактісі тіркелді.

Өртті сөндіру жұмыстарына Қызылқоға ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №10 өрт сөндіру бөлімінің бір бөлімшесі, еріктілер және 5 бірлік техника жұмылдырылған. Аудандық әкімдік  жедел қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде өрт толықтай сөндірілгенін хабарлады.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына ауа температурасының +40°С-қа дейін көтерілуі және аптап ыстықтың әсері себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер дүниесі туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, «жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар өсімдіктер дүниесін өрттен қорғауға, өрттің алдын алу шараларын қабылдауға және өрт шыққан жағдайда оны оқшаулау мен сөндіруге міндетті» делінген. Осыған орай, әкімдік жыл бойы шаруақожалықтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілетінін қаперге берді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 10:25

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью