МКК банкроттық рәсімінде азаматтарға қандай шығындар жүктелгенін түсіндірді

29.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева мәлім етті.

Оның айтуынша, төлем қабілеті төмен азаматқа шығынның бір бөлігін жүктеу заң тұжырымдамасына қайшы келмейді.

— Процесс барысында азамат белгілі бір шығындарға ұшырауы мүмкін. Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді: көптеген елде банкроттық рәсімдері ақылы болады, өйткені олар қаржы саласындағы басқарушының қызметтеріне ақы төлеуді талап етеді. Алайда Қазақстан мұндай шығындардың шамадан тыс болмауы үшін тиісті нормалар енгізілді, - деді М. Сисембаева онлайн брифингі барысында.

Ол заңнамада борышкер мен қаржыны басқарушының арасындағы мүдделердің теңгерімін белгілейтін тетіктер қамтылғанын атап өтті.

— Бір жағынан қиын жағдайға тап болған адам тұрса, екінші жағынан жұмысы үшін ақы алуға құқығы бар қаржы саласының маманы тұрады. Бұл ретте заңда бұл шығындарды мемлекет көтеретін жағдайлар да қарастырылған, - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, елде соттан тыс банкроттық рәсімін таңдайтындардың үлесі басым. Банкроттықтың осы түрі тегін және барлық істердің 90%-дан астамын қамтиды.

— Бұл - ақысыз көрсетілетін мемлекеттік қызмет. Ал сот процесіне тоқталсақ, онда қаржы басқарушысының қызметіне ақы төлеуді талап етеді, бірақ оның мерзімі шектеулі,- деп түсіндірді спикер.

Меруерт Сисембаева қаржы басқарушысының функцияларына жеке тоқталды.

— Олар борышкердің қаржылық жағдайын талдап, мүлкін түгендеп, бар болса саудаға шығаруды ұйымдастырады, қорытынды есепті дайындайды, сот отырыстарына қатысады. Онсыз банкроттық рәсімі мүмкін болмайды, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда кім банкроттыққа өтініш бере алатынын және қандай талаптары бар екенін жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью