Мобильді банкингтегі ақшаны қалай қорғауға болады?

18.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мобильді банкинг күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Пайдаланушылар оны қолдану арқылы шоттарды төлейді, ақша аударады және кез келген уақытта әлемнің кез келген нүктесінен сатып алу операциясын орындай алады. Дегенмен, ыңғайлылықпен бірге киберқауіпсіздік мәселесі артып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: fingramota.kz

Банктердің сенімді қорғауын ескере отырып, алаяқтар техникалық кемшіліктерді емес, пайдаланушылардың қателерін көбірек пайдаланады. Сондықтан алаяқтардан сақтану үшін мына қағидаларды есте сақтаған жөн:

Қоғамдық Wi-Fi желісін қолданарда абай болыңыз

Кафе, сауда орталықтары және қонақ үйлердегі қоғамдық Wi-Fi желілері қауіпсіз болмауы мүмкін. Алаяқтар мұндай орындарда жалған кіру нүктелерін құруға, трафикті ұстап қалуға немесе зиянды элементтерді енгізе алады.

Мобильді банкингті қорғау үшін:

қай желіге қосылатындығын, сол орынның қызметкерлерінен желінің ресми атауын сұрап, тексеріңіз; егер сайттың немесе қосымшаның интерфейсі әдеттегіден өзгеше болса логиндерді, парольдерді немесе карта деректерін енгізбеңіз; операциядан кейін сессияны қосымшада аяқтаңыз. 

Тегін кітаптар қауіпті: Бас прокуратура интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Сенімді құпиясөздерді қолданыңыз

Банктік қосымшаның құпиясөзі күрделі және бірегей болуы тиіс. Әлеуметтік желілер немесе электрондық пошта үшін бірдей құпиясөзді пайдаланбаңыз.

Қауіпсіздікті арттыру үшін:

кемінде 10 символ болатын құпиясөз ойлап табыңыз; түрлі тіркелімдердегі әріптерді, цифрларды және арнайы символдарды қолданыңыз; құпиясөздерді телефондағы жазбаларға немесе мессенджерлерге жазбаңыз; қажет болған кезде құпиясөздердің сенімді менеджерін (мысалы, Google-ға немесе Apple ID-ға орнатылған) қолданыңыз.

Қостанай облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді

Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз (2FA)

Екі факторлы аутентификация – бұл кіруді біржолғы код арқылы растауды (мысалы, SMS бойынша) талап ететін қосымша қорғау. Ең жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін:

банк қосымшасына 2FA-ны іске қосыңыз; SMS немесе мүмкіндігінше аутентификациялау қосымшаларын (Google Authenticator, Microsoft Authenticator және т.б.) қолданыңыз; қоңырау соғушы өзін банк қызметкері ретінде таныстырса да растау кодтарын телефон арқылы немесе мессенджер арқылы жібермеңіз.

Интернет-алаяқтыққа қарсы нақты нәтиже: Жетісуда 600 мың теңге қайтарылды

Банктің хабарламаларын іске қосыңыз

Шот бойынша кез келген операция туралы SMS немесе push-хабарламалар алу қызметін қосыңыз. Бұл сізге күдікті әрекетті бірден байқауға және оны дереу бұғаттауға мүмкіндік береді. 

Қосымшаларды тек ресми дереккөздерден жүктеңіз

Мобильді банк қосымшаларын тек ресми дүкендерден (App Store, Google Play) және тек ресми әзірлеушілерден орнатыңыз. Мессенджерлердегі, хаттардағы, SMS немесе әлеуметтік желілердегі күмәнді орнату сілтемелері бойынша өтпеңіз. Бұл зиянды бағдарламаны орнатуға себеп болуы мүмкін.      

Құрылғыға қолжетімділікті шектеңіз 

бұғаттан алу үшін PIN-код, саусақ ізін, немесе Face ID қолданыңыз; құпиясөздерді ашық күйінде, әсіресе жазбаларда немесе ашық құжаттарда сақтамаңыз; телефоныңызды жоғалтып алған жағдайда сим-картаны және қосымшаларға қолжетімділікті дереу бұғаттаңыз.

Қосымша қауіпсіздік шаралары 

аударымдарға тәуліктік лимит белгілеңіз; банк қосымшасындағы белсенді құрылғылар тізімін тұрақты түрде тексеріп тұрыңыз; телефон нөміріңізді ауыстырған жағдайда, операцияларды растау және хабарламалар алу мүмкіндігін сақтау үшін бұл туралы банкке міндетті түрде хабарлаңыз.

Сондай-ақ, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің қызметкерлері растау кодтарын, құпиясөздерді немесе карта деректерін ешқашан сұрамайтынын ескертеді. Егер мобильді банкингте күдікті әрекеттерді байқасаңыз дереу банкке жүгініңіз.

Соңғы жаңалықтар

Мобильді банкингтегі ақшаны қалай қорғауға болады?

Қаржы • Бүгін, 11:23

Олжас Бектенов: Жаңа Конституция мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына берік негіз болады

Ата заң • Бүгін, 11:08

Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі

Заң • Бүгін, 10:57

Өнеркәсіптік алпауыттар қалай бақыланады? Министрлік автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізбек

Қоғам • Бүгін, 10:55

Университеттерді қаржыландырудың жаңа жүйесі енгізіледі

Университет • Бүгін, 10:45

Семейде ЖИ көмегімен жалған сурет жасаған тұрғын жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 10:40

Жаңа Конституция азаматтардың дербес деректерін қалай қорғайды?

Қоғам • Бүгін, 10:32

Алдағы жылдары мектеп оқулықтары толығымен жаңартылады

Білім • Бүгін, 10:25

«Балуан тас сапары» басталды

Аймақтар • Бүгін, 10:22

Вице-премьер: Әлеуметтік саясаттың өзегі – адами капитал

Үкімет • Бүгін, 10:21

Аида Балаева: Мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемі сақталады

Үкімет • Бүгін, 10:20

Премьер-министр: Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті

Үкімет • Бүгін, 10:08

Ормұз бұғазы арқылы мұнай тасымалы қалай шешілмек?

Әлем • Бүгін, 10:00

Бектенов: Жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер Қазақстанның кез келген сын-қатерлерге төтеп беруін қамтамасыз етеді

Үкімет • Бүгін, 09:57

Көктайғақ және тұман: 18 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:48

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью