Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Астаналық 28 жастағы Анара әлеуметтік желіде ана атану өмірін қалай өзгерткені және өз арманын неге уақытша ысырып қойғаны туралы оқиғасын бөлісті. Бұл жазба жүздеген мың қаралым мен 26 мыңнан аса лүпіл жинады. Жарияланымнан кейін көп ұзамай келіншекке фотограф Томирис хабарласып, өзін модель ретінде байқап көруді ұсынған, деп хабарлайды Tengri Life.
Бәрі қалай басталды?
Анара өз жазбасында алты жылдық некесінде үш ұл туып, толығымен үй шаруасына берілгенін мойындады.
"Күйеуім менен неге әлі мансап құрмағанымды сұрады. Мен 6 жыл ішінде аралары бір жастан үш ұл туып, өсірдім, күнде үйде тамақ айындаймын. Ал кезінде модель болғым келген еді", - деп жазды ол.
Скриншот: Threads
Жазба 26 мыңнан аса лүпіл мен жүздеген мың қаралым жинады. Анараның айтуынша, бұл жарияланым эмоция үстінде пайда болған. Ішкі толғаныстарымен бөліспес бұрын келіншек құрбысы Моникамен сөйлескен. Оған әлеуметтік желіде өз тарихын айтуға кеңес берген де сол - бәлкім, осылайша Анара пікірлестер тауып, қолдауға ие болар деп ойлаған.
"Тек өзім сияқты тұрмыс тауқыметіне батқан жандардың қолдауын қаладым. Ол: "Бәлкім, сол жерден өзіңді табарсың" деді. Жазбаны түнде салдым. Таңертең жүздеген хабарламадан оянып, шынымды айтсам, аң-таң болдым. Мұндай реакцияны күтпеген едім", - деді ол.
Анара мұндай болады деп ойламағанын айтады. Бірақ дәл осы жағдай ол үшін күтпеген өзгерістердің бастауы болды.
Жақындары қалай қабылдады?Анараның тұрмыс құрғанына 6 жыл болған. Жұбайы Данияр екеуі үш ұл тәрбиелеп отыр: үлкені Әлиасқар бес жаста, ортаншысы Иса - төртте, кенжесі Назар - екі жаста.
Әйелінің оқиғасы желі қолданушыларының назарын аударғанда, Данияр да қуанған. Анараның айтуынша, жұбайы оның жаңа істе өзін байқап көру ниетін қолдап, модельдік мансабына қарсы болмаған.
Алғашқы фотосессия және сән әлемімен танысу"Күтпеген едім, бірақ сонымен бірге қатты қуандым. Күйеуім мен үшін көбірек қуанды, ол менің эмоцияларымды көріп таңғалды. "Егер бұл сенің ісің болса және бұдан ләззат алсаң - алға бас" деп қолдау көрсетті", - деп бөлісті ол.
Анара бала кезінен модель болуды армандағанын айтты. Алайда ұзақ уақыт бойы бұл мақсат оған қол жетпестей көрінген: келіншек бұл мамандық үшін жеткілікті деңгейде сұлу емеспін деп есептеп, бағын сынауға батпаған.
Әлеуметтік желідегі жазбадан кейін бәрі өзгерді. Анараның оқиғасын фотограф Томирис көріп, оған фотосессияға қатысуды ұсынған.
"Мен, әрине, ойланбастан келістім. Фотосессия күні қатты қобалжыдым. Ой көп болды, бірақ студияға келіп, Томириспен танысқан бойда қобалжуым басылды. Ол мені стилист Жаннамен, мобилограф Дилямен таныстырды. Фотосессия өте жайлы өтті, мен қолдауды сезіндім, маған өте ұнады. Жылы естеліктер қалды", - деп бөлісті астаналық келіншек.
Әрі қарай не болды?
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
A post shared by Томирис | Фотограф Караганда| Астана| Алматы (@tomiifull)
Әзірге Анара фотографтардан немесе модельдік агенттіктерден жаңа ұсыныстар алған жоқ. Бірақ ол алғашқы фотосессиямен тоқтап қалмақ емес: ол бұл бағытта одан әрі дамып, кәсіби модельдік өнерде бағын сынаудан үмітті.
Тағы оқыңыз: “Әлемдік көрсетілімдерге қатысқан“: модель Қарағанды көшелерін күзетіп жүр
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу