Мөлдір бұлақ экологиялық акциясы: Оңтүстік өңірлердегі 28 бұлақ тазартылды

23.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің барлық өңірінде бұлақтарды тазалауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастады, деп жазады Egemen.kz.

Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде акция еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі 28 бұлақта өткізілді. Аталған бастама әзірге Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында ұйымдастырылды. Акцияға бір мезгілде шамамен 3,8 мың адам қатысты. Олар бұлақтардың көзін ашты. Сонымен қатар айналасындағы аумақтар тазартылып, абаттандырылды, қоқыс жиналып, көшеттер отырғызылды.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданындағы Жалғызтал бұлағын тазалау жұмыстарына қатысты. Бұлақ Айша бибі ауылынан 16 шақырым жерде орналасқан.

Сондай-ақ «Мөлдір бұлақ» акциясы аясындағы іс-шаралар Жамбыл облысының Меркі, Сарысу, Шу, Талас, Рысқұлов, Байзақ және Қордай аудандарындағы жеті бұлақта өтті. Бұлақтарды тазалау жұмыстарына Су ресурстары және ирригация министрлігі мамандары, «Қазсушар» РМК облыстық филиалының, Шу-Талас бассейндік инспекциясының және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер мен студенттер қатысты.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен Жамбыл облысында су саласындағы алғашқы еріктілер қозғалысы – «Болашақтың қайнары» құрылды. Оның қатарына Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің студенттері қосылды. Осындай еріктілер топтарын еліміздің басқа өңірлерінде де құру жоспарланып отыр.

Тазару күні: Президент азаматтарды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды

«Болашақтың қайнары» қозғалысы тек экологиялық акцияларға қатысумен шектелмейді. Белсенді жастар су үнемдеуді насихаттау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстарға атсалысады.

«Бүгінгі іс-шараға еріктілер мен студенттердің қатысып отырғаны ерекше қуантады. Мемлекет басшысы еріктілер қозғалысына әрдайым ерекше көңіл бөліп, олардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалап келеді. Біздің министрліктің бастамасымен елімізде алғаш рет «Болашақтың қайнары» атауымен су саласының еріктілер тобы құрылды. Бұл жұмыстың Жамбыл облысынан басталуы Тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің қайта ашылуымен тікелей байланысы. Алдағы уақытта бұл бастама Қазақстанның барлық өңірін қамтиды», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Еске салайық, былтыр қыркүйек айында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ведомствоға қарайтын ұйымдардың мамандары еліміз бойынша бұлақтар мен жағалау аумақтарын тазалау жұмыстарын жүргізген. Іс-шараға 4 мыңнан астам адам қатысып, 300 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Қазіргі уақытта «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі Қазақстан аумағындағы барлық бұлақты түгендеу жұмыстарын жүргізуді бастады. Алдын ала деректерге сәйкес, бүгінгі таңда 711 әлеуетті бұлақ анықталды. Қор және мұрағат материалдары негізінде 2 772 бұлақты қамтитын карта жасақталды. Бұлақтар су ресурстары тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз етудің қосымша көзі ретінде қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар

Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігімен соқтығысты: Зардап шеккендер бар

Әлем • Бүгін, 14:11

Астаналық студенттер «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді

Елорда • Бүгін, 13:50

Елімізде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды

Экология • Бүгін, 13:36

11 күн қалды: NASA Айға арнайы экипажды ұшыруға рұқсат берді

Әлем • Бүгін, 13:03

Тазару күні: Президент азаматтарды тазалық пен тәртіп эстафетасына белсене қатысуға шақырды

Президент • Бүгін, 12:30

Батыс Қазақстан облысында 43 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 11:41

Шығыс Қазақстан облысында бір мезетте 5 мыңнан астам домбырашы «Ақбұлақ» әнін орындады

Аймақтар • Бүгін, 11:25

Тәулік бойы үзіліссіз жырлады: Ақтөбелік жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Мәдениет • Бүгін, 11:06

Рыбакина Miami Open турнирінің үшінші кезеңінде Украина өкілін жеңді

Теннис • Бүгін, 10:43

Байқоңыр ғарыш айлағынан жөндеу жұмыстарынан кейін алғаш рет зымыран ұшырылды

Аймақтар • Бүгін, 10:21

Шахтинскіде көпқабатты үйде газ жарылды: 8 адам зардап шекті

Оқиға • Бүгін, 10:03

Еліміздің бірнеше өңірін су басуы мүмкін: Синоптиктер ескерту жасады

Ауа райы • Бүгін, 09:41

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:15

Көкшетауда Digital Наурыз өтті

Digital • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью