Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тұнғыш қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайдағы жоғары оқу орнын тәмамдады, – деп жазды Aikyn.kz.
Продюсер Мөлдір Мұқан қызының диплом алған сәтін асыға күткенін айтты. Сонымен қатар барша анаға осындай қуаныш тіледі.
"Тұла бойым тұңғышым дипломын алды. Шүкір, осы күнге де жеттік! Адемок, сен білесің, бұл диплом бір жапырақ қағаз боп тұрғанымен, оның артында екеуміздің сабырымыз, көз жасымыз, сенің үлкеен еңбегің бар! Көзіңдегі отың сөнбесін! Алла ғұмыр, денсаулық, күш-қуат берсін, мен әр белесіңде жаныңнан табыламын! Саған сенемін! Барлық аналардың қуанышы баянды, қыздарының жолы ашық болсын!", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары Мөлдір Мұқанды қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.