Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов Дубайдан аман есен оралған қызын әуежайда күтіп алды

07.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бірнеше күн бойы елге оралудың жолын таппай жүрген Әдемі Тұрсынбекқызы Қазақстанға келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде жазды. Ол қызын әуежайдан күтіп алды.

– «Бұл қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын. Әдемі аман-есен үйге жетті. Әлемде тыныштық болсын!» – деді Мөлдір Мұқанова.

Желі қолданушылары да осы оқиғаға қуаныштарын білдірді:

– «Бірден Тұрсынбектің сторисін қарап кеттіппін ғой. Қызын қарсы алуға шықты ма деп...»,
– «Жаным, көзіме жас келді...»,
– «Қазақстанда оқи беріңдерші мына заманда!», – деді олар.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью