Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Кишиневтегі Молдова парламентінің ғимараты/Сурет: Sergio Delle Vedove/Zoonar/picture alliance Молдова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен (ТМД) жасалған негізгі келісімдерді денонсациялау рәсімін бастады.
Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Михай Попшой мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Министрдің айтуынша, үкімет ТМД-дағы мүшелікті айқындайтын үш негізгі құжаттың күшін жою үдерісін қолға алған.
Атап айтқанда, ТМД Жарғысы, Достастықты құру туралы келісім және оған қатысты қосымша құжаттар денонсацияланбақ.
«Осы құжаттар күшін жойғаннан кейін Молдова заңды тұрғыда ТМД мүшесі болмайды.
Іс жүзінде елдің ұйым жұмысына қатысуы бұған дейін-ақ тоқтатылған», – деді Попшой.
Оның сөзінше, денонсациялау үдерісі үкімет деңгейінде ақпан айының ортасына қарай аяқталып, кейін құжаттар парламент қарауына жіберіледі.