Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Алматы қаласындағы Ұлттық орталық музейде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыштың «Момақан қыз» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Іс-шара аясында Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Досжан, ақын Бақытжан Тобаяқов, балалар жазушысы Қанат Қайым сынды қаламгерлер сөз сөйлеп, жаңа кітаптың оқырманы көп болуын тіледі.
Сондай-ақ тұсаукесер барысында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық әдебиет пен мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру сынды мәселелер қозғалды. Мәселен, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, PhD Е.Қуатбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты А.Бектұрсын жазушының шығармашылығы жөнінде баяндама жасап, Нұрдәулет Ақыштың «Момақан қыз» туындысы адам бойындағы жақсы қасиеттерді бағалауға үйрететінін тілге тиек етті.
Тұсаукесерге келген қонақтар қаламгердің «Момақан қыз» шығармасының оқиғасы тартымды, тілі жеңіл екенін, жазушы жас қыздың мінезі, тәрбиесі, өмірге көзқарасы арқылы адамгершілік пен қарапайымдылықты насихаттағысы келетіні туралы ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледж студенттері арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, көңілді кештің шырайын келтірді.
Соңғы жаңалықтар
Ата заң • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Мал шаруашылығын өрістетуге қолайлы өңір
Саясат • Бүгін, 08:05
Парламенттік дипломатия: Қазақ-өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды
Саясат • Бүгін, 08:00
Экономикалық әріптестік нығая береді
Саясат • Бүгін, 07:58
Пікір • Бүгін, 07:55
Бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі
Саясат • Бүгін, 07:53
Ғылым қоғамға қызмет етуі керек
Пікір • Бүгін, 07:50
Қасым-Жомарт Тоқаев: Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі
Президент • Бүгін, 07:45
Еркін Әбіл: Қазақстан эволюциялық жаңару жолын таңдады
Қоғам • Кеше
Гранттан баспанаға дейін: Мемлекет жас ғалымдарға қалай қолдау көрсетуде?
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Кеше
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше